ҚОДСБ
«БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ № 1 ЕМХАНАСЫ» КМК
ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Балқаш қ. № 1 емханасының медициналық қызметкерінің кәсіби жұмысындағы басты мақсаты - адамның өмірін аман алып қалу, аурулардың алдын алу мен денсаулығын қалыпқа келтіру болып табылады. Медициналық қызметкер өз міндеттерін Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің анты, гуманизм мен жанашырлық принциптерін, Қазақстан Республикасы заңнамаларын бетке ұстай отырып іске асырады.
Балқаш қаласы № 1 емхана қызметкері: жасы, жынысы, расасы, ұлты, діні, әлеуметтік жағдайы, саясаттық көзқарасы, азаматтығы және материалдық жағдайын қоса алғандағы басқа да медициналық емес факторларға қарамастан, медициналық көмекке мұқтаж кез келген азаматқа медициналық көмек көрсетуі керек.
Емделуші төменде көрсетілген құқықтарға:
-диагностика, емделу және күтім кезіндегі өзіне деген лайықты қарым-қатынасқа, мәдени және жеке бас құндылықтарына деген сыйға;
- кез-келген дискриминациялау факторларының әсерінсіз, тек медициналық критерилерді негізінден кезекте медициналық көмек алуына;
- дәрігер немесе медициналық ұйымды таңдауына, ауыстыруына;
- отбасы ретінен, туысқандары мен достарының, сонымен қоса діндік құрылымдардың қолдауына;
- медициналық технологиялардың деңгейі рұқсат ететін мөлшерде, азаптарын жеңілдетуге;
-өз денсаулығының жағдайы туралы тәуелсіз пікір сұрауына жене консилиум өткізуіне;
-Қазақстан Республикасының заңдары қарастырған басқа да құқықтарға ие.
-емделуші өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетіліп отырған қызметтер, ақылы қызметтер бағасы және де оларды ұсыну тәртібі туралы білуге құқығы бар.
емделушілердің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымның көрнекті үгіттеу орындарында орналасуы қажет.
-емделушіге медициналық көмек ақпараттандырылған ауызша немесе жазбаша түрдегі ерікті келісімінен кейін көрсетілуі керек;
-медициналық көмек қабылдау кезінде емделуші өз денсаулығы туралы, емдеудің ұсынылып отырған және балама әдістерінің артықшылықтары мен тууы мүмкін тәуекел туралы, емнен бас тартқан жағдайдайдың мүмкін болатын салдары туралы мәлімет, өз диагнозы туралы, болжау мен емдік шаралар туралы емделуші үшін қолжетімде түрде ақпарат алуына және де өзінің шығарылуының себептері туралы түсіндірулер алуына құқығы бар.