Өтініш берушілерге «Баланың туылуы» белсенді қызметтын көрсету бойынша нұсқаулық.

 

1. Сіз құттықтаумен SMS-хабарлама алған кезде. Сізге қызмет алу үшін тілді тандап алуыныз керек, ол үшін Сіз оған R –X - X түрінде жауап беруініз керек, мұнда Х – хабарламада көрсетілген нөмірлер.

Ерекше назар хабарлама алдына бос орын қойылмай ағылшын тіліндегі R әрпімен басталуы қажет, R – әрпі мен әр таңбаның арасындағы бос орын.

2. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін балалың тегі. Аты және әкесінің аты (егер бар болса) туралы сұратылған келесі SMS-хабарламаны аласыз. Сіз бірінші хабарламада көрсетілгендей форматта SMS-хабарламаға жауап беруіңіз керек.
3. Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) SMS-хабарламасын жібергеннен кейін, Сіз білім денгейі, кіріс көзі және тіркеу органы туралы ақпарат беру үшін рет-ретімен SMS-хабарламалар аласыз. Осы сұрауларға жауаптарды R-даң бастап, бос орынсыз және бастапқы көрсеткішдерді қайталап, жетіспейтіндерді қосу керек. Жалпы алғанда, R әрпінен басқа, жауапта 4-тен кем сан болмау керек.
4. Жоғарыда аталған барлық ақпаратты ұсынғаннан кейін электрондық өтінім қалыптастырылып, тандалған тіркеу органына тіркеуге жіберіледі.
5. Тіркеу процесін жүзеге асырғаннан кейін Сізге дайын құжатты алу орны көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, бұл SMS-хабарламада куәлікті алуға туу туралы медициналық анықтаманың қажеттілігін көрсетіледі.
6. Сізге хабарлағаннан кейін арнайы санаттағы балабақшаға кезекке қою үшін жеңілдіктер санатының бар-жоғын анықтау үшін тағы бір сұрау салу түседі. Егер жеңілдікке тиесілі болмасаңыз, онда жеңілдіктердің болмауын көрсетіңіз және сұрау салу балабақшаға кезегіне қою үшін әкімдікке автоматты түрде жіберіледі. Әйтпесе, Сізге әкімдікке жеңілдік кезегіне қою үшін жүгіну ұсынылады. Жауап бұрын жіберілген хабарламалардағыдай ресімделуі керек.
7. Содан кейін Сізден елді мекенді таңдауды сұрайды. Жауап бұрын жіберілген хабарламалардағыдай ресімделуі керек.
8. Кезекке қою процесі аяқталғаннан кейін кезек нөмірі бар SMS-хабарлама жіберіледі.
9. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін Сіз баланың туылу тәртібін растау үшін SMS-сұрауды аласыз, өйткені жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты болады. Егер SMS-сұрауыныздағы тапсырыс дұрыс болса, Сіз бұрын жіберілген хабарламалардағыдай SMS-хабарламасын пайдаланып деректерді растайсыз.
10. Егер деректер дұрыс болса, жәрдемақы мен төлемдер тағайындау үшін банк шотының нөмірін растау/енгізу үшін SMS-сұрауын аласыз. SMS-хабарлама арқылы банк шотының нөмірін растаңыз немесе енгізініз.
11. Бұдан әрі уәкелетті органдардың қарауына түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады, нәтижесінде жәрдемақы тағайындалады және ол Сізге SMS-арқылы хабарланатын болады.
12. Осы кезенде белсенді қызмет аяқталады, мемлекеттік көрсетілетін кызметтерді пайдаланғаныңыз үшін рахмет.