By balpol1_loue582e • 30/09/2022 • No Comments
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні. Осы күн аясында Балқаш қаласының №1 Емханасының “Ғибрат” жастар денсаулық орталығының мамандары қала мектептерінің оқушылары мен ата-аналары үшін семинар өткізілді.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму факторлары бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді. Халық арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты емхана қызметкерлері күн сайын өткізеді. Қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында мамандар қала мектептерінің оқушылары мен олардың ата-аналарына семинар түрінде кезекті іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл- өте ауқымды мәселе. Егер бұрын жүрек-қан тамырлары аурулары егде жастағы адамдарда жиі кездесетін болса, бүгінде инсульт, инфаркт жастарда кездеседі, жүрек ақаулары бар нәрестелер де аз емес.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шеккен 2 млн-нан астам адамның ішінде 40 мың қазақстандық инсульт алып, оның ішінде 5 мың адам инсульттан кейін 10 күн ішінде қайтыс болған.
Ақпараттық науқан шеңберінде денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін арттыруға ерекше назар аударылады. ЖҚА алдын алуға және бақылауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Іс – шаралардың мақсаты-адамдарды күнделікті физикалық белсенділікті арттыруға, дұрыс тамақтану принциптерін ұстануға, темекі шегуден бас тартуға, жүректің ишемиялық ауруы мен ми инсультінің қауіп факторларын бақылауға ынталандыру.
Балқаш қаласының № 1 Емханасының “Ғибрат” жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, сондай-ақ Балқаш қаласының барлық тұрғындарының қатысуымен әрқашан ақпараттық жұмыс жүргізіп, дене шынықтырумен белсенді айналысуға, таза ауада жиі қыдыруға, стресстік жағдайлардан аулақ болуға, дұрыс тамақтануды ұстануға шақырады ! Әрдайым көңіл-күйіңізді көтеріңді ұстауға тырысыңыз! Салауатты өмір салты мен көңіл-күй адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Ал денсаулық – адамның басты байлығы!
ул Сейфулина , 40
Регистратура: 4-00-41, 4-38-50, 3-09-07
Главная м/сестра: 6-75-65
Приемная 4-62-80