Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың көрсетілген медициналық көмекке қанағаттанушылығының деңгейін бағалау бойынша «Аналитика және стратегиялық жобалар орталығы» қоғамдық қорымен жыл сайын өткізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

         Сауалнама зерттеуі республиканың стационарларында және амбулаторлық- емхана ұйымдарында, сондай-ақ перзентханаларда, онкологиялық және паллиативті медициналық көмек алған респонденттерге өткізуді қарастырады.

         Сауалнама үш әдіспен өткізіледі:

–         онлайн-форматта www.ofcasp.kz сайтында «Әлеуметтік сауалнама» бөлігінде;

–         телефон байланысы арқылы сауалнама;

–         стандарттық сауалнама.

Әлеуметтік сауалнаманың сурақтарына жасырын түрде жауап беруге болады.    Сіздердің ой пікірлерінізбен берген бағаларыныз біз үшін өте манызды себебі отандық денсаулық сақтау жүйесін біз тек бірге дамыта аламыз.